Жаңалықтар

28 мамыр 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Азия олимпиадалық кеңесінің президенті, Кувейт мемлекетінің ұлттық қауіпсіздік министрі Шейх Ахмад Әл-Фахд Әл Сабахты қабылдады.

Шейх Ахмад Әл-Фахд Әл Сабах Қазақстан Президентіне Азиядағы олимпиадалық ойындарды дамытуға қосқан үлесі үшін Азия олимпиадалық кеңесінің орденін табыс етті.


- Кездесу барысында Қазақстан Президентін Азия олимпиадалық кеңесінің орденімен марапаттадық. Ол біздің кеңестің ең жоғарғы наградасы болып табылады. Н.Назарбаевты осы орденмен марапаттау Қазақстанның өз еліндегі және Азия аймағындағы спортты дамытуға қосып жатқан зор үлесіне біздің берген жоғары бағамыз болып табылады. Азиялық олимпиадалық кеңесі атынан Қазақстан Президентіне, Қазақстан халқына келесі 2011 жылғы Азиялық қысқы олимпиадалық ойындарға дайындығы үшін үлкен алғысымды білдіремін және табыс тілеймін, - деді Азия олимпиадалық кеңесінің президенті журналистерге арналған брифингте.


Шейх сондай-ақ Қазақстан басшысына Кувейт әмірінің ыстық сәлемін жеткізді.


- Кувейттің Қазақстанмен әрқашан экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық байланыстырды дамытуға дайындығына сенім білдірдім, - деді ол.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар