Жаңалықтар

30 қаңтар 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Азия Олимпиадалық кеңесінің президенті шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабахпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сонымен қатар 7-інші қысқы Азия ойындарын өткізу жайын талқылады. Әл-Сабах Президент Н.Ә.Назарбаевқа Азиаданы тамаша ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді.

– Мен Қазақстан Президентіне Азиядағы барлық спорт ұйымдары мен қозғалыстары атынан ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтауын жеткіздім, – деді шейх әл-Сабах журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар