Жаңалықтар

1 мамыр 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.
big-01.jpg
 

Президент 1 мамыр мерекесін еліміздің өңірлерінде қарсы алуы дәстүрге айналып келеді. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен келіп, Көкшетау қаласындағы Абылайхан алаңында барша қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.


Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамыр мерекесінің бүкіл елімізде, әр қала мен ауылда тойланатын жалпыхалықтық мереке екендігін атап өтті. Тәуелсіздік алғаннан бері мереке жаңа әрі терең мазмұнға толды. Қазақстан халқының бірлігі күні біздің берік достығымыз бен тұтастығымыздың, адал ниетіміз бен мақсат-мүддеміздің бірлігінің символына айналды.


Қазақстан халқы өздерін тұтас отбасы ретінде сезінетін 130 ұлттан тұрады. Ел тарихы ұлттық мәдениеттің әртүрлілігі келіспеушіліктерді тудырмайды, қайта ел дамуы мен өзара рухани тұтастыққа тамаша мүмкіндік береді.


- Қазақстандықтар біртұтасттыққа, күш бірлігіне ұмтылулары қажет, олар патриоттық сезімі жоғары ұлт бола білулері қажет. Бізде бірлескен болашақты құру жөніндегі аса үлкен жоба бар. Ол – барша қазақстандықтардың ортақ Отаны - өркендеген, ынтымақ-берекесі асқан Қазақстанды құру жобасы, - деді Президент.


Мемлекет басшысы ақмолалықтардың ел экономикасына қосқан маңызды үлестерін атап өтті. 1 мамыр мерекесіне облыс тамаша жетістіктермен келіп отыр. Жаңа өндірістер, жұмыс орындары ашылуда. Соңғы үш жыл ішінде Ақмола облысының өнеркәсіптік әлеуеті 2 есеге өскен. Өткен жылы облыс диқаншылары 5 миллион тоннадан артық астық жинап, рекордтық көрсеткіш көрсетті.


Еліміздің барлық өңірлерінде астық жинаудың тамаша көрсеткішін көрсеттік. Астықты экспорттау нәтижесінде Қазақстанның ауылшаруашылық өнім өндірушілері қомақты кіріс алып отыр.


- Бұл қаржы еліміздің аграрлық кешенін одан ары дамытуға, жаңа техника мен технологияны алуға бағытталуы тиіс. Барлық аймақтардың әкімдеріне осы мәселені қадағалауды тапсырамын, - деді Президент.


Нұрсұлтан Назарбаев облыс жұртшылығын мерекемен құттықтап, бейбітшілік пен игілік, береке-бірлік тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар