Жаңалықтар

16 қараша 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев беделді халықаралық қаржыгер Джеймс Вульфенсонды қабылдады

Кездесуде әлемдік экономиканың ахуалы, Қазақстанның дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Кездесу барысында Джеймс Вульфенсон Қазақстанда қабылданған дағдарысқа қарсы шараларға жоғары баға берді.

- Мен елде Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша Үкімет және Ұлттық банк қандай қадамдар жасағанын жете қадағаладым. Қазақстанның өнеркәсібін көтеру, тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту, жұмыссыздықты жою, банктік жүйесін нығайту жөнінде жұмыстар өте дұрыс жүргізілді. Бұл дұрыс бағыттар болды,- деді Джеймс Вульфенсон журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар