Жаңалықтар

26 маусым 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бейбітшілік және келісім сарайында өткен «Астана!..» мюзиклінің премьерасына қатысты.

Бұл Қазақстанның мәдени өміріндегі айтулы оқиға. «Астана!..» мюзиклін композитор Алмас Серкебаев драматург Юрий Кудлачпен (Германия) бірлесіп жазған. Режиссер-қоюшысы – Ресейдің халық артисі Юрий Александров. Суретші-қоюшысы – Ресейдің еңбек сіңірген артисі Вячеслав Окунев. Қойылымның музыкалық жетекшілері – Қазақстанның халық артисі Базарғали Жаманбаев пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

Мюзиклде Қазақстанның опера театры мен белгілі эстрада әншілері, еліміздің музыкалық жоғары оқу орындарының студенттері өнер көрсетеді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар