Жаңалықтар

5 желтоқсан 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельде Бельгия Королі Альберт ІІ-мен кездесті

338.jpg

339.jpg

Бұл күні сондай-ақ Қазақстан Президенті мен Бельгия Корольдігінің Премьер-министрі Ги Верховстадттың кездесуі болып өтті. Кеңейтілген құрамдағы келіссөздер кезінде екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды.

 
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан басшысы мен Бельгия Премьер-министрінің қатысуымен халықаралық автокөлік қатынастары туралы және кеден істеріндегі ынтымақтастық және әкімшілік өзара көмек туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойылды.

 

Қазақстан Президенті ең жоғарғы деңгейлі Леопольд І орденімен марапатталды. Леопольд І ордені Бельгияның жоғары үш наградасының бірі болып табылады және көрнекті мемлекет қайраткерлеріне тапсырылады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар