Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

4 желтоқсан 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельде Еуропалық комиссияның (ЕК) штаб-пәтерінде болып, Еуропалық комиссия төрағасы Жозе Мануэл Баррозумен кездесті
342.jpg

Кездесу кезінде Қазақстан мен ЕК арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды.

 
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті мен Еурокомиссия төрағасының қатысуымен Энергетика саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ Бірлескен мәлімдеме қабылданды.

 
- Біз ашық әңгімелестік, Қазақстан Республикасы мен ЕК арасындағы қарым-қатынастарға қатысты аса маңызды мәселелерді талқыладық және де осы бағытта одан әрі қадам баса беруге ниет білдірдік. Мен осы елдің экономикада, тұрақтылықты, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстарына ризашылығымды білдірдім. Біз сондай-ақ Қазақстан мен ЕК арасындағы саяси үнқатысуды жалғастырудың маңызын атап өттік және Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне қолдау білдірдік. Мен осы бір маңызды елмен танысу сәтін тағатсыздана күтемін, - деді Еурокомиссия төрағасы журналистерге арналған брифингте.

 
- Біз осы келіссөздер мен сапарды, тұтастай алғанда, Еуроодақпен арадағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы маңызды кезең ретінде қарастырамыз. Ортақ құндылықтар, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары серпіні, сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимылдар біздің әріптестігіміздің негізі болып табылады. Алайда, біз стратегиялық әріптестікті тек энергетика саласында ғана дамытуды көздеп отырған жоқпыз. Біз ЕО-ның Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын жүзеге асыруға және экономиканы әртараптандыруға қатысуы мәселелерін талқыладық. Сондай-ақ біздер 2007 жылы қабылдануы жоспарланып отырған ЕО-ның Орталық Азия жөніндегі жаңа стратегиясын және Қазақстанның бұл құжатты әзірлеуге қосқан үлесін талқыладық. Біз келіссөздер жемісті болды деп есептейміз және оның нәтижелері өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға игілікті ықпал етеді деген үміттеміз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар