Жаңалықтар

6 желтоқсан 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельде Еуропалық Одақ Кеңесінің Бас хатшысы Хавьер Соланомен кездесті
334.jpg

Кездесу барысында қазақстандық-еуропалық ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері және халықаралық проблемалар бойынша пікір алмасылды. Тараптар Еуроодаққа Германия мемлекеті төраға болатын 2007 жылдың бірінші жартысында Еуроодақтың Орталық Азия елдеріне қатысты жаңа кешенді стратегиясының қабылдану маңыздылығын атап көрсетті. Алайда, Орталық Азия елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың деңгейі әртүрлі болғандықтан, Еуроодақтың аймақтық стретегиясында осынау жайттың ескерілу қажеттілігі атап көрсетілді. Х.Солана Қазақстанның Орталық Азиядағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мен аймақтық кооперацияны ілгерілетудегі көшбасшы ретіндегі маңызды роліне назар аударып өтті.

 
Кездесуде сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы қарсаңында энергетикалық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Қазақстан Президентінің Брюссельге сапары аясында қол қойылған екіжақты энергетикалық құжаттардың - Өзара түсіністік туралы меморандум мен Ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің маңыздылығы атап көрсетілді.

 
Қазақстан мен Брюссельдің арасындағы қолданыстағы Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің мерзімі үш жылдан кейін аяқталатындығын тараптар назарға ала отырып, Қазақстан – Еуроодақ қатынастарын жаңа сапалық деңгейге көтеру қажеттілігімен келісті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар