Жаңалықтар

5 желтоқсан 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельде өткен Қазақстан Тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысты.

Салтанатты шараға құрметті қонақ ретінде Хорватия Республикасының Президенті Стьепан Месич, сондай-ақ Бельгияның, Еуропа құрылымдарының көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, Бельгия Корольдігінде, Еуропалық Одақта, НАТО-да тіркелген дипломатиялық корпустардың өкілдері, Еуропарламенттің депутаттары, Еуропалық Одақтың іскер топтарының және БАҚ өкілдері қатысты.

 

- Бұл күндері Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 15 жылдығын атап өтуде. 15 – жыл тарихи өлшем бойынша үлкен мерзім емес. Бірақ ол бүкіл Қазақстан мен оның көп ұлтты халқының өмірін түбегейлі өзгерткен іргелі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды сыйдырып тұр. Бүгінде экономикалық реформалар жағынан Қазақстан посткеңестік кеңістігінде көшбасшы ретінде танылды. Біздің республикамыздың табысты дамуының арқасында саясаткерлер, сарапшылар мен журналисттер дамудың жаңа «қазақстандық жолы» туралы айта бастады, - деді қабылдауды ашу рәсімінде Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Қабылдауда сөз алған Еуропалық Комиссияның сыртқы байланыс жөніндегі Комиссары Бенита Ферреро-Вальднер, Еуропалық Парламенттің бірінші вице-приезиденті Алехо Видал-Квадрас және «Еуропалық халық партиясы – Еуропалық демократтар» парламенттік фракциясы төрағасының орынбасары Струан Стивенсон Орталық Азиядағы тұрақтылықты нығайтудағы Қазақстанның рөлі маңызды екендігін, сондай-ақ елдің ғана емес бүкіл өңірдің қарқынды дамуына бағытталған мемлекет саясатын атап көрсетті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар