Жаңалықтар

4 желтоқсан 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельге жұмыс сапарының аясында Солтүстік Атлантикалық шарт ұйымының штаб-пәтерінде болып, НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффермен кездесті
341.jpg

Кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Қазақстан мен НАТО арасындағы әскери-техникалық және саяси әріптестік, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті дамыту, халықаралық қаруды таратпау және қарусыздандыру режимін нығайту мәселелері талқыланды.

 

Келіссөздер аяқталғаннан кейін Қазақстан Президенті мен Ұйымның Бас хатшысы НАТО штаб-пәтерінде Семей ядролық полигонының жабылуының 15-жылдығына арналған фото-көрменің ашылу рәсіміне қатысты.

 

 - Бұл бірегей көрме. Көптеген жылдар бойы Семей Кеңес Одағындағы ең негізгі ядролық сынақ алаңы болып келді. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан аса ауыр мұраны иеленді, алайда Семей полигонын жабу туралы шешім қабылдады. Бұл өте маңызды жетістік және біз осындай шешім қабылдағаны үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа және қазақ басшылығына ризашылығымызды білдіреміз. Қазақстан Орталық Азиядағы НАТО-ның негізгі әріптесі болып табылады. Президент мырза, Сіздің Ауғанстандағы НАТО-ға көрсеткен қолдауыңыз, сондай-ақ қауіпсіздікті нығайту саясатындағы ұстанымыңыз үшін алғысымды білдіремін, - деп атап өтті НАТО басшысы.

 

- Бұл экспозицияда Семей ядролық полигонының жарты ғасырлық фотосуреттері жиналған. Бұл суреттер - қазақстандықтарға ядролық жарылыстардың шошырлық салдары мен экологиямызға тигізген зардаптарының айғағы. Дүниежүзінде өткізілген екі мыңдай сынақтардың төрттен бірі Семейде өткізілгендігін атап көрсетейін. Ядролық зарядтардың жиынды қуаттылығы жағынан қазақ жерінде Хиросимадағы сияқты 2,5 мың бомба жарылды! Сондықтан да Семей полигоны – тек қана Қазақстан тарихының қайғылы бейнесі болып қоймай, сонымен қатар бүкіл адамзаттың қасіреті. Бұл мемлекеттер арасындағы ядролық қарсы тұрудың апаттылығын еске салу. Жаппай қырып-жою қаруының барлығы қандай да жоғары міндеттерді алға қоймасын, ол адам жаратылысына жаттығын әлем білуі тиіс. Жаппай қырып-жою қаруына мемлекеттердің иелену мәселесін болжам мен қарсылықтың  аясында емес, ынтымақтастықтың, жақсы көршіліктің және диалогтың негізінде шешілуі керек. Біз, атомдық жарылыстардың досағын өз басымыздан өткізген қазақстандықтар шынайы қауіпсіздікті сақтап қалу үшін ядролық арсеналдар емес, бейбіт сыртқы саясат, ішкі тұрақтылық, елдің орнықты экономикалық және саяси дамуы, оның азаматтарының патриотизмінде екендігінде сенімдіміз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев сөйлеген сөзінде.

 

Семей ядролық полигонының жабылуының 15-жылдығына арналған фото-көрменің ашылу рәсіміне аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті мен НАТО Бас хатшысы бірлескен брифингі өтті.

 

- Қазақстан НАТО-ның жеке негіздегі Ынтымақтастық бағдарламасының ең белсенді әріптесі. Сондай-ақ Қазақстан саяси және әлеуметтік аймақтық ынтымақтастықтың ең белсенді қатысушысы. Қазақстан Президентінің бұл сапары НАТО мен Қазақстан Республикасының арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамуына өз серпінін тигізетініне сенімдімін, - деді  Яап де Хооп Схеффер.

 

 

-  Біздің елімізбен Солтүстік-атлантикалық альянс арасындағы диалог 10 жылдан астам аралығында дамып келеді. Сондықтан ынтымақтастық пен аса тығыз  екі жақты қарым-қатынасты орнату талпынысы бүгін белсендіріле түсуде.  НАТО-мен ынтымақтастық армиямыздың қалыптасуына қажет және де біз бұл бағытта жұмысымызды жалғастырамыз, - деді Қазақстан Президенті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар