Жаңалықтар

23 мамыр 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқасы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевті қабылдады.

Кездесу кезінде Т.Мамашев Президентке Қазақстанның елордасы Астанада өтетін Дүниежүзі қазақтарының төртінші құрылтайына дайындық барысы туралы баяндады.

- Құрылтайға 35 таяу және алыс шет елден 380 делегат, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларынан, еліміздің өңірлерінен 300-ден астам өкілдер шақырылды. Биылғы жылғы құрылтайдың бір ерекшелігі, делегаттардың 60 пайыздан астамын 30 жасқа дейінгі жастар құрайды, - деді Т.Мамашев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар