Жаңалықтар

17 маусым 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік Банктің президенті Роберт Зеллекті қабылдады.

Кездесу барысында Дүниежүзілік Банк пен біздің еліміз арасындағы бірлескен жобалар талқыланды. Мемлекет басшысы Дүниежүзілік Банктің Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу кезеңіндегі рөлін ерекше атап өтті.


Н.Назарбаев кездесуді аша келе, «Дүниежүзілік Банкпен ынтымақтастығымыз әрдайым жоғары деңгейде. Екіжақты қарым-қатынасымыздың басынан бастап біз қаржы жүйесі, мемлекеттік басқару, әлеуметтік сала үшін екі миллиард доллардан астам қаржыға 24 қарыз алдық», - деді.


Роберт Зеллек Дүниежүзілік Банктің біздің республикамызбен сенімді әрі ұзақ мерзімді әріптес ретінде жұмыс істеуге деген мүдделілігін білдірді.


- Қазақстан ел бәсекелестігінің артуына, экономиканы әртараптандыруға көп көңіл бөледі. Бұл біздің әріптестігіміздің стратегиясын айқындайды, ынтымақтастықтың тиімді жолдарын табуға көмектеседі.


Ерекше назар – ауылшаруашылығы саласына аударылуда. Әлемдегі жаһандық азық-түлік дағдарысы тұсында Қазақстан өзінің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бірегей мүмкіндік алып отыр деп есептейміз.


Біз сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік саланы, денсаулық сақтау және білім беру салаларын дамытуға деген күш-жігерін жоғары бағалаймыз, - деді Р.Зеллек.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар