Жаңалықтар

16 наурыз 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Рахмет Мұқашевты қабылдап, оны Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі Өкілдігінің басшысы етіп тағайындады.

Кездесу кезінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында Парламентттің бірінші кезектегі міндеттері, заңнамалық үдерістің тиімділігін арттыру тетіктері және биліктің атқарушы және заңнамалық тармақтарының өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды.

 

- Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға байланысты Парламент арқылы өтетін едәуір көлемдегі  заң жобалары жинақталуда. Өкілдік басшысы ретінде маған заңнамалық органның жұмысын күшейту жөнінде тиісті тапсырмалар берілді,-деді Р.Мұқашев журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар