Жаңалықтар

5 мамыр 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Египет Араб Республикасының Президенті Хосни Мубаракты 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

- Сіз бүкіл ғұмырыңызды және күш-қуатыңызды Египет халқының мүдделері мен игілігіне арнап келесіз. Бүгінгі Египет зор саяси әрі экономикалық әлеуетке ие және халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рол атқаратын мемлекет ретінде белгілі, - делінген жолдауда.


Қазақстан басшысы Хосни Мубарактың Қазақстан мен Египет арасындағы достық қарым-қатынастарды қалыптастыру бағытында атқарған еңбегің айрықша атай отырып, мерейтой иесіне зор денсаулық және баянды бақыт, отбасына амандық, ал достас Египет халқына даму мен құт-береке тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар