Жаңалықтар

16 сәуір 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасының арнаулы өкілі Жәнібек Кәрібжановты қабылдады.

Ж.Кәрібжанов Президентке өзінің Қырғызстанға сапарының қорытындысы туралы баяндады. ЕҚЫҰ-ның миссиясы орын алған қақтығыстардың одан әрі өрбуіне жол бермеу, тұрақтылықты қамтамасыз ету және осы елдегі саяси жағдайдың ушығуы жағдайында адам құқықтарын сақтау болды.

- Қырғызстанның уақытша үкіметі конституция негізінде жұмыс істеп, қолданыстағы заңдарды сақтап, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуды қамтамасыз етуі қажет. Соның негізінде халықтың өмір сүру деңгейін көтеру қамтамасыз етіледі, - деді Ж.Кәрібжанов.  

 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар