Жаңалықтар

2 наурыз 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді. Онда Қазақстан Республикасының 2006-2010 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасы қаралды.
322.jpg

Үкімет пен Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығы әзірлеген жаңа Стратегияның негізгі өлшемдері жөнінде Үкіметтің және бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері баяндама жасады.

 
- Ұлттық қауіпсіздіктің жаңа стратегиясы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруіне мүмкіндік туғызуы тиіс. Соңғы жылдары елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айтарлықтай істер атқарылды, бірақ әлі де бірқатар қауіп-қатерлер мен қыр көрсетулер сақталып отыр, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.  
   
2006-2010 жылдарға арналған Стратегия Қазақстанның серпінді экономикалық және саяси мүмкіндіктерін, әлемдегі, өңірлердегі және елдегі жағдайдың өзгеру болжамдарын ескере отырып әзірленген. Құжатта қауіпсіздіктің алдыңғы ауқымды тетіктері мен жүйелері қазіргі заман талаптарына сәйкес еместігі және нақты реформалауды қажет ететіндігі атап көрсетілген. Қару-жарақтардың, жаппай қырып-жоятын қару-жарақтардың таралуын бақылайтын ескі жүйенің тиімділігі әлсірегені байқалады. Әлемде жиі-жиі қарулы қақтығыстар орын алып, түрлі мемлекеттердің стратегиялары арасындағы қарама-қайшылықтар пайда болуда. Жер шарының стратегиялық маңызды аймақтары - Таяу Шығыс, Ирак және Ауғанстандағы ұзаққа созылған қақтығыстар жаһандық тұрақтылыққа айтарлықтай қауіп-қатер төндіріп тұр. Иран төңірегінде күрделі геосаяси жағдай қалыптасыр отыр. Орталық Азияда ішкі кикілжіңдер сақталуда. Халықаралық лаңкестікпен күресудің қабылданған формаларының тиімділігі сенімсіздік туғызуда. Есірткі бизнесі де Орталық Азия аймағы үшін қауіп болып отыр. Әртүрлі індеттер де өзекті проблемаға айналып отыр.

 

Баяндама жасаушылар атап көрсеткендей, қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, нашақорлықпен, экологиялық және басқа да проблемалармен байланысты ел ішіндегі бірқатар проблемалар баршылық, осының барлығы ішкі ішкі қауіпсіздікті жүйелі нығайтуды талап етеді.

 
Осыған байланысты қауіп-қатерларді анықтауда және сол тектес ығыттарды жоюға, елдің дағдарыстан шығу әлеуетін арттыруға бағытталған тиімді және қазіргі заманғы ұлттық қауіпсіздік жүйесін құру қажет. Және бұл жүйе халықаралық қауіпсіздік саласындағы осы заманғы әлемдік үрдістерге бейімделу, қаіпсіз сыртқы және ішкі ортаны құру жөніндегі белсенді әрекеттерге икемді болуы керек.

 
Мұндай қадам Қазақстанның аймақтық және жаһандық қауіпсіздік жүйесіне топтастырылуын, демократиялық әдістер мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету амалдарын пайдалануды, біздің мемлекетіміз өзіне алған халықаралық міндеттерді сақтауды қарастырады.

 
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әрбір бағыты бойынша Стратегия жобасында алдағы жылдарға қойылып отырған басымдықтар мен міндеттер анықталған.

 
Атап айтқанда, сыртқы қауіпсіздік саласында орталықазиялық аймақтағы саясаттың белсенділігі арта түседі. Осы тұрғыдан алғанда, Орталықазиялық мемлекеттер одағын құру жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын жүзеге асыру үлкен әлеуетке ие.

 
Екіжақты форматта, сондай-ақ ҰҚШҰ, ШЫҰ, НАТО/СЕАП сияқты ұйымдар аясында Ресеймен, Қытаймен және АҚШ-пен стратегиялық және сындарлы қарым-қатынас сақталады. Халықаралық лаңкестікпен, діни экстремизммен, есірткі бизнесімен күрестегі бірлескен күш-жігерді арттыруға басымдықты назар бөлінеді.

 

Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету АӨСШК шеңберіндегі стратегиялық үнқатысуды белсенді дамытуға, Қазақстанның жаппай қырып-жоятын қару-жарақты таратпау процесіне қатысуына, Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық қайта қалпына келтіру проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.

 
Сонымен қатар елдің интеллектуалдық және ғылыми-техологиялық әлеуетін сақтау және дамыту жөнінде кешенді әрі ұзақ мерзімді шаралары қолданылатын болады.

 
 Стратегия жобасында елдің Қарулы Күштерін нығайту мен дамыту, олардың техникалық қайта жарақталуы және Әскери доктрина негізінде қазіргі заманға лайық әскери кадрларды дайындау жөнінде кешенді шаралар қарастырылған.

 
Сондай-ақ ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге басым назар аударылады, атап айтқанда саяси реформаларды одан әрі іске асыру нақ осы мақсатқа бағытталатын болады. Қоғамдық қауіпсіздікке қауіп-қатер төндіруші ретінде сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша батыл әрі жүйелі шаралар қолданылады.

 
Алдағы жылдары экологиялық мәселелерді шешуге, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кешенді шараларға айтарлықтай көңіл бөлінеді.

 
 Стратегия жобасында қарастырылған міндеттердің шешілуі Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін жүзеге асыруды және алдағы жылдары мемлекет, қоғам, тұлға мүдделерін қорғаудың жаңа сапалы деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

 
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді және бүгінгі талқылаудың қорытындысын ескере отырып, Стратегия жобасын бір айлық мерзімнің ішінде толықтыруды және қол қоюға әкелуді міндеттеді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар