Жаңалықтар

1 мамыр 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тұрғындарын Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтады.

Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы Мақтаарал ауданында болды. Жетісай қаласының орталық алаңында Елбасы мерекелік шараға жиналған жұртшылықты және барша қазақстандықтарды біздің елімізде тұрып жатқан барлық этностардың бірлігі мен достығы мерекесімен құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтар, соның ішінде, Мақтаарал ауданының тұрғындары қол жеткізген экономикалық, әлеуметтік және саяси ілгерілеулерді атап өтіп, барша қауымға бейбітшілік, келісім және өркендеулер тіледі.


Сол күні Елбасы мақта кластерін дамыту шеңберінде құрылған мақта өңдеу зауытында болды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар