Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

25 тамыз 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы Есілдің сол жағалауынан салынған Қазақстан Республикасы Үкіметі үйінің жаңа ғимаратында болды.

Ғимараттың құрылыс жұмыстары 2002 жылғы наурызда басталды. Үкімет үйінің жалпы алаңы 33 752 шаршы метр. Құрылыстың бас мердігері "Джейлан Лимитед" ЖШС болып табылады.

 

 22 қабатты жаңа ғимаратта Премьер-Министрдің Кеңсесі орналасатын болады. Мемлекет басшысы Премьер-Министр мен оның орынбасарларының жұмыс бөлмелерін, Үкіметтің мәжіліс залдарын, сондай-ақ Кеңсе қызметкерлерінің бірқатар жұмыс бөлмелерін аралап көрді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар