Жаңалықтар

12 желтоқсан 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Елорданың жаңа әкімшілік орталығында орналасқан Эталон орталығында болды.
246.jpg

Елбасы Мемлекеттік стандарттар қорының, қысым, салмақ өлшеу зертханаларының жұмысымен танысты және уақыт пен жиілік мемлекеттік бастапқы эталонын салтанатты түрде іске қосты.

 
Эталон орталығы Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің тапсырысы бойынша салынған. Жобаның құны 2,3 миллиард теңгені құрайды.  
Эталон орталығында уақыт және жиілік цезий стандартымен өлшенетін уақыт жиілігі, қысымның, салмақтың, ұзындықтың, меншікті электр өткізгіштігінің, қатысты ылғалдылықтың гигрометрі, абсолютті қысым, астық өнімдері және астықтың ылғалдық шамасын анықтауға арналған жоғары құрылғылар, алғашқы pH эталон орналастырылған.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар