Жаңалықтар

13 желтоқсан 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Елорданың жаңа салынған бірқатар нысандарын аралап көрді.

Астананың жаңа әкімшілік орталығында бой көтерген «Қазына-Тауэр» кеңселік орталығында Елбасы электрондық Үкімет құруды жүзеге асыру барысымен және елорданы дамыту жөніндегі жаңа жобалармен танысты.

 
Мемлекет басшысы сондай-ақ Ана мен баланың денсаулығын қорғау Ұлттық ғылыми орталығында болды. Бұл орталық 1 мен 16 жас аралығындағы балаларды оңалту үшін жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге арналған. Онда емхана, зарарсыздандыру бөлімдері, сазбен емдеу, мектеп және басқа да бөлімдер орналасқан.

 
Елбасы сондай-ақ мүгедек балаларды емдеуге арналған Республикалық балаларды оңалту орталығын аралап көрді. Орталықта барлығы жеті бөлімнің қызмет көрсетуі қарастырылған. Оның ішінде жүйке, эндокринологиялық жүйе және сүйек ауруларына шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсету. Оңалту орталығында сондай-ақ емхана, мектеп, қосымша көмек көрсету, сәулелі диагностика бөлімдері бар.

 
Сонымен қатар, Президент, Есіл өзенінің сол жағалауында салынған монша кешенін аралап көрді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар