Жаңалықтар

4 шілде 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) президенті Мишель Платиниді қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан футболын дамыту мәселелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев УЕФА-ның Қазақстан футбол федерациясына көрсетіп отырған техникалық және қаржылық көмегін оң бағалады.


Мемлекет басшысы Қазақстанда спортты дамытудың 2015 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданғанын атап өтті. Бағдарламада Қазақстан футболының деңгейін көтеруге басым көңіл бөлініп отыр. Қазіргі кезде балалар спорт мектептері қайта жаңғырып, бес стадион УЕФА стандарттарына сәйкес қайта жөндеуден өтті. 30 мың көрерменге арналған жабық стадион құрылысы аяқталуға жақын.


- Қазақстан Президенті Қазақстан футбол федерациясының басшысына қазақстандық футболды дамыту мақсатында УЕФА-мен тығыз жұмыс жасауды тапсырды. Н.Ә.Назарбаев сіздердің елдеріңіздегі спортты дамытумен белсенді айналысып келеді. Бүгін ол ат спортынан әлем кубогын ашты, теннис орталығында болды, енді міне, менімен кездесіп отыр, - деді М.Платини журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар