Жаңалықтар

25 қаңтар 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕврАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысты.

Отырыстың негізгі қорытындысы - Өзбекстанның Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа қосылуы туралы құжатқа қол қойылуы болды.

 
ЕурАзЭҚ 2000 жылдың 10-қазанында Астанада құрылды. Өзбекстанның ұйымға қосылуы туралы шешім 2005 жылдың 6-қазанында Санкт-Петерборда өткен ОАЫҰ саммитінде қабылданды.

 
- Тарих бізге қуатты, толысқан ішкі нарық құрудың бірегей мүмкіндігін ұсынып отыр. ЕурАзЭҚ-қа кіретін елдердегі тұрғындардың жиынтық саны бүгінгі таңда 250 миллион адамды құрайды. Ұйымға қатысушы мемлекеттерде бүгінде ТМД-дағы ең дамыған бірлестік құруға энергетикалық қуат, азық-түлік базасы, көлік жүйесі сияқты қажетті негіздердің барлығы бар. ЕурАзЭҚ-тың тиімділігі Президенттердің ерік-жігері мен Үкіметтерінің шынайы мүдделестігіне байланысты болмақ, - деді Нұрсұлтан Назарбаев баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде.

 
Қазақстан Президенті ЕурАзЭҚ экономикалық комиссиясын құруды ұсынды.

 

Мемлекет басшысының ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің кезектен тыс отырысында сөйлеген сөзінің толық мәтінін <a href="қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар