Жаңалықтар

22 желтоқсан 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Гонконгта «Shun Tak Holdings Limited» компаниясының төрағасы Стэнли Хомен кездесті.

Қазақстан Президентіне Стэнли Хо компаниясы әзірлеген Қапшағай көлінің оң жағалауындағы кешенді дамытудың құрылысы жобаларының тұсаукесері болып өтті.

 
- Сізді Гонконгте құшақ жая қарсы алу біз үшін үлкен құрмет. Сіздердің елдеріңіз зор аумақты алып жатыр және әлемдегі аса ірі елдің бірі болып табылады. Бізге Қазақстанның қол жеткізген табыстары, сондай-ақ оның  әлеуеті қатты әсер етіп отыр. Біз Қапшағай көлінің көрікті жағасында туризмді дамыту жөніндегі жоспарларды жүзеге асыруға зор қызығушылықпен қараймыз, - деді Стэнли Хо.

 
- Біз қазір ғана құны 10 миллиард доллар тұратын Қапшағайдың оң жағалауында орналасатын болашақтың жаңа қаласы құрылысының жобасымен таныстық. Бұл жай ғана ойын бизнесі орталығы емес. Бұл күллі дүниежүзінен туристер келетін қала болмақ. Осы арада демалыс үшін де, өмір сүруге де барлық жағдай жасалады. Жаңа халықаралық әуежай, спорт кешендері, мектептер салынады. Біз Макао мен Гонконг бизнесмендерінің осы жобаны инвестициялауға бел буғандарын көріп отырмыз, - деді Президент журналистерге арналған брифингте.

 
Қазақстан Президентінің сондай-ақ Гонконгтің іскер топ өкілдерімен кездесуі өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар