Жаңалықтар

3 шілде 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Хайнань (ҚХР) провинциясының губернаторы Ло Баоминді қабылдады.

Кездесу барысында Ло Баомин Президентке жылы қабылдауы үшін ризашылығын білдірді және Қазақстан мен Қытай басшыларының қолдауымен біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастық жаңа сапалы деңгейге шыққанын, оған екі елдің әр түрлі өңірлері қатысып отырғанын атап өтті.

Атап айтқанда, жақын арада Қазақстан компаниялары «Хайнань» аралындағы курорттық аймақта бесжұлдызды қонақ үй құрылысын салуға кіріседі.

- Біздің Үкімет бұл жобаны міндетті түрде қолдайды. Бұл жоба инвестиция ғана емес, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастар дамуының символы. Біз барлық екіжақты жобаларды қолдауға дайынбыз, - деді Ло Баомин.

 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар