Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

9 қыркүйек 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық көрме бюросының (ХКБ) бас хатшысы Винсент Гонсалес Лоссерталесті қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстанда «ЭКСПО-2017»-ны өткізу мүмкіндігі талқыланды. Біздің еліміз осы халықаралық көрмені өткізу үшін барлық талаптарға сәйкес келетіні атап өтілді.

-   Қазақстанда «ЭКСПО-2017»-ны өткізу үшін барлық мүмкіндіктер бар. Атап айтқанда, елорда қарқынды дамуда, Қазақстан Киот хаттамасын бекітті. Сонымен қатар, Қазақстан энергетика саласында көш бастап келе жатқан әлем елдерінің бірі болып табылады,  ал «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбы энергияның жаңа түрлерімен байланысты, - деді журналистерге арналған брифингте ХКБ бас хатшысы.  


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар