Жаңалықтар

30 қаңтар 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Олимпиада комитетінің төрағасы Жак Роггені қабылдады.

Кездесуде тараптар екіжақты ықпалдастық, Қазақстанның спротты дамытудағы жоғары жетістіктері жайлы сөз қозғады. Ж.Рогге Қазақстан Президентіне қысқы Азия ойындарын жоғары халықаралық деңгейде ұйымдастырғаны үшін шынайы алғысын білдірді.

– Азиада қарсаңында Қазақстанда көптеген жаңа бірегей спорт ғимараттары салынғанын атап айтқым келеді. Бұл Азиаданың ұйымдастырылуы ең жоғары деңгейде өткенін көрсетеді. Сонымен қатар, Президентпен кездесуіміз барысында біз 2022 жылғы Қысқы Олимпиада Ойындарын Қазақстанда өткізу мүмкіндігі жайында пікір алыстық, – деді Ж.Рогге.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар