Жаңалықтар

11 қаңтар 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Хорватия Президенті Стъепан Месичпен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кеңейтілген мәселелері талқыланды.

- Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа бүгінгі ұлықтау рәсіміне қатысуға шақырғаны үшін өз ризашылығымды білдірдім. Мен өзімнің төрт жыл бұрынғы осында жасаған соңғы сапарымнан кейінгі кезеңде Астананың қалай өзгергенін тамашалауға мүмкіндік алдым. Бізді Қазақстан халқының қол жеткізген табыстары ерекше қуантады. Біздің елдер арасындағы достық, әсіресе экономика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастың алдағы уақытта да дами беретініне сенімдімін, - деді С.Месич журналистерге арналған брифингте.

Ол сондай-ақ «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімінен кейінгі Қазақстан халқына, бүкіл әлемге арнаған сөздері біз үшін аса маңызды» деп атап өтті. Хорватия Президенті сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевты Хорватияға ресми сапармен келуге шақырды және Қазақстанға ресми сапармен келуге ықыласты екенін жеткізді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар