Жаңалықтар

3 шілде 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Iron Nugget Exchange» компаниясының президенті және Бас атқарушы директоры Такуйя Негамиді (Жапония) қабылдады.

Компания басшысы Президентке елімізде үшінші буынды қара металлургия технологияларын пайдаланатын зауыт салу жөніндегі жоспарлары туралы баяндады.

- Бұл әлемдегі осы тектес екінші зауыт болады. Бірінші зауыттың құрылысы АҚШ-та жүргізіліп жатыр. Еуразиялық кеңістіктегі бірінші зауыт Қазақстанда салынады, - деді Такуйя Негами.

Бас атқарушы директор Такуйя Негами қауымдастық өкілдері атынан Мемлекет басшысына Үшінші буындағы қара металлургия технологиялары қауымдастығының құрметті президенті атағын қабыл алу жөнінде өтініш жасады.

- Біздің шақыруымызды Нұрсұлтан Назарбаевтың қабыл алғаны біз үшін үлкен мәртебе. Әлемде металлургияны соншалықты жақсы түсінетін Президенттер онша көп емес деп ойлаймын, - деді Такуйя Негами.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар