Жаңалықтар

10 наурыз 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Даму банкінің президенті Ахмад Мохаммед Әли әл-Маданиді қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Ислам Даму банкінің арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің перспективасы талқыланды.


Ахмад Мохаммед Әли әл-Маданидің пікірінше, Қазақстанда ислам банкингі тетіктерін, оның ішінде барынша маңызды әлеуметтік жобаларды дамытудың перспективасы зор.


- Ислам банкі Қазақстанға қажетті қолдау көрсетуге дайын. Бұл - әсіресе, дағдарыс жағдайында өте маңызды. Біз сіздердің елдеріңіздің орнықты әрі сенімді әріптесі болып табыламыз, - деп атап өтті Ислам Даму банкінің президенті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар