Жаңалықтар

1 шілде 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді.

Караг03(2)

02

Қарағандыға келген Президент «Қазақмыс» корпорациясының филиалы – Қарағанды құю-машина жасау зауытында болды.

Нұрсұлтан Назарбаев №1 цехта болып, кәсіпорынның жұмысымен танысты, шығарылатын өнім түрлерін көрді.

Одан кейін Мемлекет басшысына Қарағанды құю-машина жасау зауыты – «ҚазБелАЗ» БК ЖШС базасында іске асырылатын бірлескен қазақстандық-беларусьтік жоба таныстырылды. Бұл кәсіпорын – Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында Қарағанды облысында жүзеге асырылатын ірі жобаның бірі.

Жобаның жалпы құны 70 миллион доллардан асады. Мұнда «МоАЗ» жерасты техникасы мен «БелАЗ» карьерлік самосвалдарының агрегаттары мен бөлшектерін күрделі жөндеуден өткізетін өндіріс ұйымдастырылатын болады.

Өңір бойынша республикалық Индустрияландыру картасына құны 73 миллиард теңгеден астам 18 инновациялық жоба енгізілді, оның 10-ын биылғы жылы жүзеге асыру жоспарланған.

Осында Мемлекет басшысы жұмысшылармен, инженерлік-техникалық қызметкерлермен және тау-кен металлургиялық саланың мамандарымен кездесті.     


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар