Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

12 қазан 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті Олег Квятковскийдің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

«Олег Квятковский қазақстандық журналистиканың ең кемел көріністерінің бейнесі болды. Еліміздің жетекші басылымдарын басқарған ол өзін шебер ұйымдастырушы және өз ісінің нағыз шебері ретінде көрсетті, отандық бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасуына және оларды дамытуға үлкен үлес қосты», - делінген Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатында.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар