Жаңалықтар

6 шілде 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ елі» монументін ашты.

Монументтің салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Президент қазақ мемлекетінің басты ескерткіші осы монумент болатынын атап өтті.


- Монументтің биіктігі – 91 метр. Қазақстан өз тәуелсіздігін 1991 жылы алды. Ескерткіштің биіктігін де осы жылға орайластырып белгіледік. Стеланың ұшар басында алып Самұрық құс бейнеленген. Қазақ ұғымында Самұрық – еркіндіктің, күш-қуаттың, кеңдік пен тәкаппарлықтың символы саналады. Сол сияқты біздің Самұрық та – іргесі берік, шаңырағы биік қазақ елінің жиынтық бейнесі іспетті.

Астана төрінен ашылып отырған «Қазақ елі» монументі халқымыздың өткені мен бүгінін байланыстырып тұратын мәңгілік белгі. Бұл монумент біздің ата-баба аманатына адалдығымыздың, терең тамырлы салт-дәстүр мен ұрпақ жалғастығының жарқын көрінісі, - деді Мемлекет басшысы.


Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінқараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар