ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
В.Г. ЦЫБЕНКОНЫ II дәрежелі «Достық» орденімен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан мен Украина арасындағы екі жақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Василий Григорьевич ЦЫБЕНКО II дәрежелі «Достық» орденімен наградталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 жылғы 14 қыркүйек
№ 1645