Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

6 наурыз 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаевты қабылдады. О.Өксікбаев Елбасына Есеп комитетінің бюджет қаражаты пен мемлекеттік активтерді тиімді пайдалану жөнінде 2005 жылы жүргізген тексерулерінің қорытындылары туралы баяндады.

- Мемлекет басшысы осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беруді, өңірлерге бөлінген бюджет қаржысына бақылауды күшейтуді және кейбір құрылымдарды оңтайландыру жолымен мемлекеттік-қаржылық жүйені жетілдіру жөнінде тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды, - деді О.Өксікбаев журналистерге арналған брифингте.

 

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі Өкілдігінің басшысы Бақытжан Әбдірайымовты қабылдады.

 
Кездесу кезінде заңнамалық органның 2005 жылдың ішінде атқарған жұмыс қорытындылыры, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру барысындағы Парламенттің бірінші кезектегі міндеттері, заң шығару үдерісінің тиімділігін арттыру тетіктері, биліктің атқарушы және заңнамалық тармақтарының өзара іс-қимылдары мәселелері талқыланды.

 
- Депутаттық корпус заң жобаларын қабылдау бойынша белсенді жұмыс атқаруды. Салыстырмалы талдау мен статистикалық мәліметтер көрсеткендей, депутаттық корпус жылдан-жылға қабылданатын заңдардың санын арттырып қана қоймай, ең бастысы оның сапасына мейлінше баса маңыз беріп келеді, - деп атап өтті Б.Әбдірайымов кездесуден кейін.

 

Президент сондай-ақ «Атамекен» жалпыұлттық кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағы басқармасының төрағасы Серік Ахметовты қабылдады.

 

Кездесу барысында «Атамекеннің» соңғы съезінде қабылданған стратегиялық міндеттер, Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы және Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының  ережелерін іске асыру аясында Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды.

 
- Мен Президентке кәсіпкерлік орта үшін «Жеке кәсіпкерлік туралы» заң қабылдану қажеттігін айттым. Өздеріңізге белгілі, осы заңға сәйкес мемлекеттік органдарда сараптамалық кеңестер құрылатын болады және мемлекеттік органдарда жасалған кез-келген нормативтік құқықтық акт міндетті түрде кәсіпкерлер пікірімен келісілетін болады, - деп атап көрсетті С.Ахметов журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар