Қ. Тұрғанқұлов Президентке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Президенттік өкілеттілігін ұзарту туралы референдум өткізу жөніндегі бастамашы топтың жұмысының қорытындылары туралы баяндады.
- Қазіргі уақытта 5 млн. 16 мың қол жиналған. Бұл референдумға қатысу құқығы бар қазақстандықтардың 55,2 пайызы. Жалпыұлттық қол жинау кезінде Орталық сайлау комиссиясына тәртіп бұзушылық туралы бірде-бір шағым түскен жоқ, - деді Қ. Тұрғанқұлов.