Жаңалықтар

22 маусым 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабековты қабылдады.

ОСК төрағасы сайлау туралы конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірлеу, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауға дайындық және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының жұмысы туралы баяндап берді.

 
- Биылғы жылы қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыруда аса маңызды қадам жасалды. Президенттің ағымдағы жылдың 6 маусымындағы Жарлығына сәйкес аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өткізіледі. Барлығы 49 аудан мен 10 қалада сайлау өткізу көзделіп отыр. Тамыз айында біздер сайлаудың нақты күнін белгілеуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар мен Мемлекет басшысына біз желтоқсан айында Демократиялық реформаларды әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынуды жоспарлап отырған сайлау туралы конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс туралы баяндадым. Сондай-ақ халықаралық ұйымдармен, әсіресе ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық туралы әгіме болды. Біз қазір басқа мемлекеттерде өткізіліп отырған сайлауды бақылау жөніндегі миссияларына белсене қатысудамыз. Біздің байқаушылар ЕҚЫҰ миссиясының құрамында Белорусияда, Украинада және Черногорияда болып қайтты, шілде айында Македонияда өтетін сайлауға бару жоспарланып отыр, - деді О.Жұмабеков журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар