Жаңалықтар

12 сәуір 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Даниал Ахметовті қабылдады. Үкімет басшысы Елбасыға мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы мен Президенттің халыққа Жолдауында көрсетілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Астана қаласының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады.

-Кездесу кезінде 24 ақпандағы елорданы дамыту мәселелері жөнінде өткен кеңесте Президент жүктеген міндеттердің, соның ішінде Астананың таяу жылдардағы келешегін айқындайтын бірқатар ірі жобалар жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды. Атап айтсақ, ірі медициналық кластер мен жаңа университеттің құрылысы мен олардың коммуникациялық желілермен қамсыздандырылу мәселелері әңгіме өзегі болды,-деді Ө.Шөкеев журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар