Жаңалықтар

3 желтоқсан 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелері – «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперов пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Томас Мировты қабылдады.

 

Кездесуде Шетелдік инвесторлар кеңесінің 22-ші пленарлық отырысының күн тәртібі, атап айтқанда, диверсификациялау саясаты мен Қазақстанның технологиялық дамуына шетел инвесторларының қатысу мәселесі талқыланды. 

 

Әңгімелесу барысында Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басшысы Т.Миров Қазақстанның дағдарысқа қарсы бағдарламасына жоғары баға берді. 

 

– Бағдарлама жақсы және табысты орындалуда. Үкімет қазір өзге елдермен салыстырғанда едәуір жоғары болып отырған жалпы ішкі өнім деңгейін ұстап тұру үшін көп күш-жігер жұмсады. Сондай-ақ банктік секторға қолдау көрсетілді, ал бұл экономиканың одан әрі дамуына оң ықпалын тигізді, - деді Т.Миров журналистермен болған брифингте.

 

ЕҚДБ басшысы сондай-ақ Қазақстандағы қолайлы инвестициялық климатты атап өтті. 

 

– Бұл маңызды шақыру. Инвесторлар Қазақстанға дағдарысқа дейінгі кезеңге қарғанда, үлкен инвестициялық көлеммен келетін болады,- деп атап өтті Т.Миров.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар