Жаңалықтар

12 желтоқсан 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығына орай мәдениет пен өнер қайраткерлеріне Астана қаласынан пәтер кілтін табыс етті.
247.jpg

Салтанатты рәсім жаңа бес жұлдызды “Radisson SAS” қонақ үйінің «Боллрум» залында өтті.

 

- Мемлекет мәдениет пен өнерсіз мемлекет ретінде қалыптаса алмайды. Сондықтан да жаңа елордада біз жаңа мәдениет ошақтарын құруға тырыстық. Қала өздерің сияқты жас. Ол күннен-күнге гүлдене түседі. Сіздердің ерен еңбектеріңіз бен таланттарыңыз біздің қаланы безендіре түседі әрі оны бұдан да шырайлы етеді. Осыған байланысты біз елорданың мәдениеті мен өнерін көтеретін жас талантты адамдарға пәтер беру туралы шешім қабылдадық. Біздің елорда нақ осы қасиетімен ерекшеленуі тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөйлеген сөзінде.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар