Жаңалықтар

11 қаңтар 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабылдады.

Н.Әбіқаев Президентке Комитет қызметінің 2010 жылғы негізгі қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жұмысының басым бағыттары туралы баяндады. Кездесу барысында сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы органдарды реформалау аясында мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы әңгіме болды. ҰҚК Төрағасы Мемлекет басшысына ведомствоның қарсы барлау қызметінің жаңа Тұжырымдамасының жобасымен жұмыс туралы баяндап берді.

Кездесудің қорытындысы бойынша Президент азаматтар мен қоғамның қауіпсіздігін одан әрі нығайту, халықаралық лаңкестік пен экстремизм қауіп-қатерлеріне қарсы тиімді әрекет ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар