Жаңалықтар

13 қаңтар 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады.

А. Жұмағалиев Мемлекет басшысына министрліктің 2010 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары туралы, соның ішінде 3G үшінші буын ұялы байланыстың стандартын енгізу жөнінде, ауылда кең жолақты интернетті дамыту жөніндегі жобаны іске асыруға дайындық жұмыстарын жүргізу туралы, сандық телехабарларды  іске қосу және электронды үкімет порталы арқылы 1 млн. 600 мыңнан астам электрондық анықтама берілгені туралы, сондай-ақ 2011 жылға жоспарланған міндеттер туралы баяндады.

Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қазақстанның ақпараттық-коммуникациялық саласын халық пен бизнес өкілдері үшін мемлекеттік қызмет көрсету спектрін кеңейту, сандық телехабарларды дамыту, елді мекендерде кең жолақты Интернет желісіне қол жетімділікті және ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бөлігінде дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар