Жаңалықтар

7 мамыр 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 15 жыл толуына арналған салтанатты жиналысқа қатысты.

- Бұл күн – қазақстандықтар үшін Отан қорғаушылар күні, еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мерекелі де тарихи күн. Ел өміріндегі осы айтулы мерекелеріңізбен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Жас армиямыздың он бес жылдық қалыптасу кезеңі тәуелсіздік жылнамасының қастерлі парағына айналды, - деп атап өтті Елбасы өзінің сөйлеген сөзінде.


Мемлекет басшысының сөйлеген сөзін мына жерден қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар