Жаңалықтар

27 наурыз 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ  

ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін

одан әрі ретке келтіру және оның

тиімділігін арттыру жөніндегі шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына, “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” 1995 жылғы 18 желтоксандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Мыналар:  
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне бөліну жолымен;  
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі оның туризмді дамыту жөніндегі функциялары жаңадан құрылған Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын.  
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:  
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт істері комитетін таратсын;  
2) Осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.  
3. “Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы №6 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:  
1-тармақта:  
мынадай мазмұндағы абзац алып тасталсын:  
“Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі”;  
мынадай мазмұндағы жаңа абзацтармен толықтырылсын:  
“Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі”;  
“Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ”.  
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.  
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті                                                                                   Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2006 жылғы 27 наурыз  
№73


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар