Жаңалықтар

10 қараша 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан ұлттық банкі» АҚ басқарма төрағасы Григорий Марченконы қабылдады.

Г. Марченко Президентке еліміздің қаржы саласындағы ағымдағы жағдайды хабарлады.

- Қазақстанның Ұлттық банкі 2010 жылы валюталық дәліздегі саясатты жалғастыратын болады. Бұдан басқа, бізде қазір нақты валюта бағамы 98 пайыз көлемінде 2000 жылғы базалық деңгейді құрады. Осыған қарап Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі толық орнықты деуге болады. Жалпы, шикізатқа, экспорттық тауарларға қатысты баға, сондай-ақ, Ресей мен Қытайға қатысты жағдай жақсы. Қазіргі кезде теңгенің бағамы нығайып келеді. Жағдай тұрақты. Сондықтан Ұлттық банкі ешқандай интервенция жүргізбейді,- деді Г. Марченко.

Президентпен кездесу барысында сондай-ақ жаңа инвестициялық монеталар «Алтын барыс» және «Күміс барыстың» тұсаукесері жасалды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар