Жаңалықтар

20 қараша 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы алғашқы «Астана – Бурабай» бағытындағы автобан құрылысының аяқталуына арналған салтанатты рәсімге қатысты.

Көлік және коммуникация министрі Ә. Құсайынов Президентке маңызды инфрақұрылымдық нысанның құрылысы аяқталғанын хабарлады. Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша салынған жаңа жол автокөліктің сағатына 150 шақырым жылдамдықпен жүруіне есептелінген. Жобаның жалпы құны 114,4 миллиард теңгені құрады. Құрылыс барысында бір жарым мыңға жуық техника және 3,5 мың адам астам жұмысқа тартылды, 5 бетон шығарушы, 11 асфальтбетон зауыты және 20 уатқыш құрылғы жұмылдырылды. 

Алдағы уақытта «Астана – Бурабай» автожолында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол қауіпсіздігін және ауа-райы барысын қадағалау үшін автоматты режімде болатын осы заманғы интеллектуалдық-электронды жүйе енгізілетін болады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар