Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

13 қаңтар 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы кезектен тыс парламенттік сайлауды бақылау жөніндегі Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы делегациясының басшысы Эльза Пападимитриуды қабылдады.
02

Кездесу барысында елдегі алда болатын парламенттік сайлау, Қазақстан мен ЕКПА-ның ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы ЕКПА миссиясының басшысын елдің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму, алдағы сайлауға дайындық туралы хабардар етті.

Нұрсұлтан Назарбаев Э. Пападемитриуға Мәжіліс сайлауына бақылау жасауға келгені үшін ризашылығын білдірді.

Э. Пападемитриу Қазақстан - демократия тез дамып отырған елдің нақты үлгісі екенін атап өтті. Ол Қазақстанның жаңа елордасы - Астанада жүргізіліп жатқан құрылыстың қарқынына таңданысын білдіріп, ұлы адамдар үлкен үй, үлкен қала тұрғызатыны және демократияны алға апаратындығы туралы әкесінің сөзін мысалға келтірді.

Өткен жылы сәуір айында президенттік сайлау науқаны өткеніне назар аудара отырып, Э. Пападемитриу Қазақстан сол уақытта күллі әлемге абсолютті еркін және таза сайлауды көрсеткенін, ал Қазақстан Көшбасшысының референдум өткіздің орнына сайлауды өткізу туралы шешімі абсолютті сенімді және дана шешім болғанын атап өтті.

Э. Пападемитриудің пікірі бойынша, Қазақстан Президенті сондай-ақ Конституциялық Кеңестің Жаңаөзенде сайлау өткізбеу туралы қаулысына вето қою арқылы даналық шешім қабылдап отыр.

- Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуіміз кезінде мен оның өз халқына қызмет етуге деген құлшынысына  тағы да көз жеткіздім. Мен алдағы сайлау Қазақстанды одан әрі демократияландыру үдерісіндегі маңызды кезеңге айналады деп ойлаймын. Мен Қазақстан халқына барлық жақсылықты тілегім келеді. Гректер айтқандай, ең бастысы, тұрғызу, жасау. Мен сіздің ел осы даналық сөздердің дұрыстығын дәлелдеді, 20 жылда сіздер жаңа мемлекет құрып, көптеген табысқа қол жеткіздіңіздер деп білемін. Соның бір дәлелі – сіздер тұрғызған мынау тамаша қала – Астана, - деді кездесуден кейін журналистерге арналған брифинтгте ЕКПА делегациясының басшысы.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар