Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 маусым 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдинді қабылдады.

Қ.Қабылдин Президентке компанияның 2010 жылғы жұмысының қорытындылары туралы, 2011 жылға арналған жоспары және 2020 жылға дейінгі даму келешегі жайлы баяндап берді.

- Компания өткен жылы барлық жоспарланған өндірістік және қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізді. Тәуелсіздік жылдары ішінде үш отандық зауытта мұнайды өңдеу жоғарғы деңгейге – 13,7 миллион тоннаға жетті. Компанияның табысы 2010 жылы 305 миллиард теңгені құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 2,5 есе артық. Бюджетке 413 миллиард теңге салықтық төлемдер төленді. Біз ұлттық компания ретінде ретінде әлеуметтік жауапкершілік алдық. Өткен жылы біздің тарапымыздан әлеуметтік жобаларды дамытуға 200 миллион АҚШ доллары бөлінді, - деп атап өтті Қ.Қабылдин.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар