Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

5 желтоқсан 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев К.Байсейтова атындағы опера және балет театрында өткен Әбіш Кекілбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кешке қатысты.

 

Салтанатты шарада сөйлеген сөзінде, Президент халық жазушысы Ә.Кекілбаевтың саяси және мемлекеттік қызметтегі еңбегін атап өтті. Мерейгер көп жылдар бойы «Егемен Қазақстан» газетінде бас редактор, 13-ші шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып қызмет атқарды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты болып табылады.

Қазақстанның дамуына қосқан ерекше үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», «Отан» ордендерімен марапатталған. 

Мемлекет басшысы еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында өзінің Жарлығымен Әбіш Кекілбаевқа мемлекетке сіңірген еңбегі, мәдениет пен әдебиетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілгенін жария етті және мерейтой иесіне жоғары атақты тапсырды. 

 

* * *

 

Сондай-ақ бұл жоғары атаққа экономикалық дамудағы, өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін Қостанай облысы, Меңдіқара ауданындағы «Қаркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сайран Балкенұлы Бұқанов пен Шығыс Қазақстан облысы, «Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамының президенті Бағдат Мұхаметұлы Шаяхметов ие болды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар