Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

5 қазан 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Keppel Kazakhstan» ЖШС кеме жасау зауытының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

- Тұңғыш рет Қазақстанда өзінің алғашқы баржасын жасаған кеме жасау компаниясы пайда болды. Каспий теңізі қайраңындағы көмірсутегі шикізатының орасан зор қорлары бізден өндірісті жан-жақты дамытуды талап етеді. Біз күллі кен орындарын қызмет көрсетудің барлық түрлерімен қамтамасыз етуге тиіспіз. Осыдан екі жыл бұрын,  мен осы кәсіпорынның іргесіне тас қалаған кезде айналаның бәрі жапан түз болатын. Қазір сіздер өздеріңіз көргендей, мұнда толық жолға қойылған кәсіпорын жұмыс істеп тұр,біз оны болашақта кеңейте түсетін боламыз, - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.  

«Keppel Kazakhstan» ЖШС  компаниясы – қазақстан-сингапур кәсіпорны (кеме жасау верфі). Компания «Ақтау теңіз порты» арнаулы экономикалық аймағында жобалық қуаты жылына 7 мың тонна металл конструкциясын шығаратын «Кеме жасау зауыты» жобасын жүзеге асыруда. Зауыт құрылысы 2003 жылы басталған. Жобаның 1-кезеңінің (кеме жасау зауыты) аяқталуы – 2006 жылдың тамыз айы. Кәсіпорын өндірісі мұнай өндіру секторында, атап айтқанда, Солтүстік Каспийдің Қашаған кен орнында кеме жасау сервисін қамтамасыз етуге бағдарланған.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар