Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

15 наурыз 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Көлік және коммуникациялар министрі Асқар Маминді қабылдады.

Министр Президентке Қазақстанның 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын іске асыру шеңберінде еліміз инфрақұрылымының даму жоспары жөнінде баяндап берді.

 

-Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік Қазақстанның 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын әзірледі. Стратегияның басты мақсаты Еуропа мен Азия арасында құрлықаралық экономикалық көпір құру болып табылады. Біз 50 мың шақырымнан астам автомобиль жолын, 2 мың шақырым шамасында темір жол салып, 2,5 мың шақырым темір жол торабын электрлендіруді жоспарлап отырмыз. Біз сондай-ақ, Ақтау, Баутино, Құрық порттарын дамытатын боламыз. Авиацияны дамытуға баса мән берілетін  болады, біз әуе кемлелерінің осы заманғы паркін, жаңа терминалдар мен ұшу-қону алаңдарын саламыз. Осыған орай, біз алдағы 10 жыл ішінде тиімді көлік инфрақұрылымын жасақтайтын боламыз,-деді А. Мамин журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар